ЕКІНШІ ТУР:

12-18 сәуір аралығында сайтта батырма қол жетімді болады

«Эссені жүктеу»

 

1-қадам: “Эссені жүктеу” батырмасын басыңыз

2-қадам: (1) сәйкестендіру нөміріңізді енгізіңіз, (2)  эссе тіліңізді енгізіңіз және  (3) эссені жүктеңіз

!! Жүктеуді растауды күтіңіз !!

Олимпиаданың мақсаттары:

  • сыни ойлауды дамыту;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
  • өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау, білім алушылар арасында жұмыс тәжірибесімен алмасу және шығармашылық байланыстар орнату;
  • оқушылардың танымдық және ғылыми қызметін жандандыру.

Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болып табылады.

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.

1 кезең – эссе жазу және ұсыну.

Эссе тақырыптарының бағыттары:

ББ «Халықаралық қатынастар және саясаттану»

  1. Тұрақты дамудың шарасы ретіндегі кедейлікті жою мәселесі
  2. Тұрақты даму мүдделері үшін мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестік

ББ «Әлеуметтік жұмыс»

  1. Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын арттыру бойынша іс-шаралар (облыс, аудан, елді-мекен мысалында)
  2. Төтенше жағдайлар және пандемия жағдайында қоғамдық денсаулық мәдениетін көтеру
  3. Әлеуметтік теңсіздікті төмендету қазақстандық қоғамның тұрақтылығының шарты ретінде

ББ «Экология»

  1. Таза су және таза энерги
  2. Тұрақты қалалар және жауапты өндіру мен тұтыну
  3. Климаттың өзгеруімен күрес
  4. Теңіз экожүйесін және құрлық экожүйесін сақтау

ББ «Мемлекеттік басқару»

  1. Қазақстанның пандемиядан кейінгі дамуы жағдайында орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар
  2. Қазақстан өңірлерінің тұрақты дамуы арқылы халықтың өмір сүру сапасының мемлекеттің қолдауы

Барлық эсселер плагиатты тексеру процедурасынан өтеді. Плагиатқа тексеруден өтпеген эсселер бағаланбайды және қатысушы регламентті бұзушы ретінде Олимпиададан шығарылады. Көлемі – 700-ден кем емес және 1000 (бір мың) сөзден артық емес болуы тиіс. Эссе мәтіні электрондық форматта жіберіледі. Эссе ұсыну бойынша өту балы: бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша кемінде 70 (жетпіс) ұпай жинаған барлық қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

Эссені бағалау критерийлері (әр критерий бойынша максималды балл – 20 (жиырма) балл :
1) өзектілік;

2) жаңашылдық;

3) мәселенің толық зерттелуі;

4) өзіндік зерттеудің болуы;

5) негізделген өз ойы мен тұжырымдарының болуы.

2 кезең – онлайн презентацияны қорғау (ұсынылған эссе бойынша).

Презентацияны қорғауға берілетін уақыт 7-10 минут.

ТІРКЕУ

29 наурыз – 10 сәуір, 2021

Бірінші кезең – эссе жіберу

12 – 18 сәуір 2021 ж

Екінші кезең – тұсаукесері

26-30 сәуір, 2021

Жеңімпаздарды марапаттау

11 мамыр, 2021